Бішкекте өткен халықаралық кинофестивальде қазақстандық кино Гран-приге ие болды

09:53, 13 маусым 2026

© Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қырғызстан астанасында IV Бішкек халықаралық кинофестивалі өтті. Фестиваль аясында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан киногерлерінің туындылары ұсынылған Орталық Азия байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық "Qaitadan" фильмі "Үздік фильм" аталымында Гран-при иеленді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

"Qaitadan" соңғы жылдардағы ең табысты қазақстандық фильмдердің біріне айналды. Өткен жылы картина небәрі үш аптаның ішінде прокатта 1 млрд теңгеден астам табыс жинап, отандық кинопрокат көшін бастады.

Бұған дейін фильм Қазақстандағы креативті индустриялар саласындағы басты марапат — STEPPE AWARDS сыйлығының "Кинематография" санаты бойынша да жеңімпаз атанған болатын.

Айта кетейік, жоба 2023 жылы питчинг жеңімпазы атанып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.

21 мамырда Қазақстанда Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтілген болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!