Көкшетау тұрғындарына су сапасы нашарлайтыны ескертілді

© Сурет: freepik
Су құбырындағы апатты жағдайға байланысты көкшетаулықтар уақытша сапасы төмен суды пайдалана тұруға мәжбүр болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Көкшетау Су Арнасы" өкілдері ескерту жариялады.
2025 жылы 21 наурызда Қаратал және Саумкөл ауылдары арасындағы Көкшетау топтық су құбыры учаскесінде авариялық жағдай орын алды.
"Қазіргі уақытта зақымдануды анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде.Осыған байланысты Сергеев су қоймасынан Көкшетау қаласына су беру шектеледі. Сумен жабдықтау уақытша Чаглин су қоймасынан жүзеге асырылады, бұл ауыз су сапасының біршама нашарлауына әкелуі мүмкін. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Көкшетауда кәсіпкер әкімнің үстінен сотқа шағымданғанын, істі қарау барысында ЖШС-і мен әкім арасындағы дау медиация тәртібімен реттелгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:36, 20 сәуір 2025
Голан жоталарынан Қазақстанға бітімгерлердің қалған бөлігі оралды
-
17:32, 20 сәуір 2025
«Түнде аяз болып, үсік жүреді». Еліміз бойынша 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы
-
15:57, 20 сәуір 2025
Қостанайда есірткі саудалайтын дүкен әшкере болды
-
15:01, 20 сәуір 2025
Алматыда жүгіруден өткен марафон кезінде екі адам көз жұмды
-
14:41, 20 сәуір 2025
ТЖМ жаңа туған сәбидің өміріне араша сәттің видеосын жариялады