Қой қырқудан Қазақстан чемпионаты өтті
© Сурет: видеодан кадр
Алматы облысында қой қырудан ел чемпионаты өтті. Жеребе тасталып,үміткерлер анықталған соң чемпионат басталып кетті. Әр үміткер санаулы уақыт ішінде 15 қойды қырқып бітіуі тіис, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Сайдың тасындай іріктелген жігіттер айтулы додаға асқан дайындықпен келгендері көрініп тұр. Әр қойды біражарым минутта қырқып, 15 қойды 32 минутта қырқып шықты. Айтуға оңай. Алайда алғашқы болып аяқтаған жігіт ақ тер-көк терге түсті.
Руслан Қарымбаев, Жамбыл облысының өкілі:
Оңай болған жоқ. Бірақ салмағы да ауыр, қой да ауыр нормальный болды. Балаларға сәттілік тілеймін. Жеңіс тілеймін балаларға.
Әр қатысушының жыдамдығы әрқалай. Бірі бір қойды бір минуттан аса қырықса, енді бірі 4 минутқа дейін уақыт жұмсады. Жарысқа қатысқан 22 үміткер айналдырған 2 сағат ішінде 300 астам қойды қырқып үлгерді. Қой қырқудан алдына жан салмаған Жамбыл облысының тумасы чемпион атанды.
Нұрболдың жеке рекорды бір күнде 250 қой қырқу екен. Көктемнен бері 5 мың қой қырыққан ол 15 қойды 27 минутта қырқып, рекорд орнатты. Осылайша 150 мың теңге мен құны мың еуро тұратын немістің қой қырқу машинасын жеңіп алды.
Нұрбол Кең, бас жүлде иегері:
Бүгін біржарым минутта қырықтым бір қойды. Менікі 40 секунд негізі, қой ауыр болып қалды. Өзімнің жеңісіме ризамын.
Алдағы уақытта мүндай жарыстар дәстүрлі түрде шопандар күнінде ұйымдастырылмақ. Биыл алғаш рет өтіп отырғандықтан қатысушыларға талаптың аса жоғары болмағанын жеткізді. Келер жылдан қырқудың сапасына мән берілмек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:48, 18 желтоқсан 2025
Ақтөбеде балконында марихуана өсірген ер адам ұсталды
-
21:58, 18 желтоқсан 2025
Билік мектептегі тамақтану мәзіріне жылқы етін аптасына екі рет қосуды ұсынды
-
21:31, 18 желтоқсан 2025
Алматының барлық ауданында жаңа жылдық шыршаның шамы бір уақытта жағылды
-
20:49, 18 желтоқсан 2025
Павлодар облысында педофил 20 жылға бас бостандығынан айырылды
-
20:12, 18 желтоқсан 2025
Атырауда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан өзге облыс тұрғыны ұсталды





