ҚМДБ діндар адамдарға қандай банктік және дисконт карталарды пайдалануға болатынын айтты

17:16, 16 сәуір 2024

© Сурет: pixabay

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Ғұламалар кеңесі кэшбекті және дисконт карталардың қолданысқа қатысты үкім шығарды,деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылы 16 сәуірде жарияланған хабарламада, ең алдымен, кэшбек, дебеттік карта, кредиттік карта, бонустық карта және дисконт карта сөзіне түсінік беріледі.

Содан кейін осыларға қатысты Ғұламалар кеңесінің шешімі жарияланады.

Оған сәйкес, дебеттік картаны қолдануға әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат.

Дегенмен кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады.

"Тек аса қажеттілік жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек". ҚМДБ баспасөз қызметі

Бонустық картадан түскен сыйақыны төмендегі шарттар негізінде пайдалануға болады:

  • төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы;
  • берілген бонус шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы;
  • бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы;
  • бонусты сый ретінде беруі;
  • бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауы тиіс. Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!