Кіре де алмайсың, шыға да алмайсың: Елорда тұрғындары арасы тығыз салынған құрылысқа наразы

13:45, 9 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Астананың Нұра ауданындағы бірқатар тұрғын үй кешенінің халқы әкімдікке кірме жолдардың жоқтығына қатысты бірнеше мәрте шағым түсірген. Олар екі жылдан бері ТК аумағына кіріп-шығу кезінде кедергілерге ұшырайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар" телеарнасының ақпаратына сүйенсек, қалалық жоспарлау бөлімі өз кезегінде, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар құрылыс қарқынынан артта қалып жатқанын мойындап отыр.

"Егер үлкен көшеден үйге дейін жол болмаса, құрылысшылар кейде аудан әкімдігімен немесе басқа мемлекеттік органдармен бірге уақытша жол салып, тұрғындардың үйлеріне оңай жетуіне жағдай жасайды. Жалпы, бұл мәселе Астана қаласында анда-санда туындайды, себебі көлік инфрақұрылымы тұрғын үйлердің құрылысына әрдайым ілесе бермейді. Бірақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес қала құрылысшыдан жолды, мысалы, көшеден үйге дейін 100 метрге созуды міндеттей алмайды", – деп түсіндірді Астана қаласы Сәулет қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының Қалалық жоспарлау бөлімінің басшысы Нұраділ Ғалымжан.

Астанада тығыздалған құрылысқа қарсы күрес жалғасуда. Жақында жүргізілген мониторинг барысында қала билігі 23 проблемалық нысанды анықтады. Нәтижесінде биік ғимараттардың орнына мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер және қоғамдық кеңістіктер пайда болатын болды.

Бұған дейін Ақтөбеде үлескерлерден 421 млн теңге ұрлау фактісі анықталғандығы хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!