Алматыда екіқабатты әкімшілік ғимарат өртенді

22:53, 25 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

25 сәуірде кешке Алматы қаласының Түрксіб ауданында екі қабатты ғимарат отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Громов көшесі, 15 үй мекен-жайында болған. Оқиға орнында Zakon.kz сайтының фото тілшісі де болды.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бос тұрған әкімшілік ғимарат өртенген.

Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп жеткен ғимарат сырты қызыл жалынға оранғанын куәсі болды.

"Өрт сөндірушілер өртті тез арада оқшаулады. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген ТЖД хабарламасында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!