Абай облысының прокуратурасы жылу тарифтерінің төмендеуіне қол жеткізді
© Сурет: freepik
2022 жылдан бастап Абай облысындағы жеті жылумен қамтамасыз ету ұйымы мемлекеттен 3,3 млрд теңге мөлшерінде субсидия алған. Заңнама талаптарына сәйкес, жылу тарифтерін қалыптастыру кезінде бұл қаражат ескерілуі тиіс болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда, Бас прокуратура атап өткендей, табиғи монополия субъектілері өз қызметтерінің құнын төмендетпеген,
"Прокурорлық тексеру нәтижесінде, жылумен қамтамасыз ету тарифтері әр кәсіпорынға бөлек бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы төмендетілді. Жалпы облыс бойынша тарифтердің төмендеуі 4,5%-дан 48%-ға дейін жетті. Осылайша, алдағы үш жыл ішінде тұтынушылар 3,3 млрд теңге үнемдейтін болады", деп нақтылайды құзырлы ведомство.
Абай облысының прокуратурасы 80 мыңнан астам тұтынушының, оның ішінде 78 мың жеке тұлғаның құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.
Азаматтардың табиғи монополиялар саласындағы құқықтарының сақталуын қадағалау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Бұған дейін алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алатынын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:24, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан – Жапония: атом энергиясы саласында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылды
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Аяз бен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:54, 20 желтоқсан 2025
Қатты суық пен боран: алдағы күндері Алматы, Астана және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
15:00, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев Санкт-Петербургке барады
-
14:56, 20 желтоқсан 2025
Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар





