Киіктен зардап шеккен шаруаларға өтемақы беріледі

09:38, 3 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Батыс Қазақстан облысында киіктің кесірінен егістігіне зиян келген шаруаларға өтемақы төленеді. Тиісті ереже бекітілді. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда ауыл шаруашылығы киіктен зардап шегіп отырғандықтан, оның санын реттеу туралы Үкіметке тапсырма берді.

Осыған орай министрліктен киіктен сақтанатын қоршауға да субсидия берілмек, деп жазады qazaqstan.tv.

Бірақ шаруалар ақбөкеннен қорғанатын сым тордың биіктігін – 1,6 емес, 1,2 метрге дейін түсіру, сымның қалыңдығын, тіреу материалын өзгерту туралы ұсыныстар айтты.

Себебі киік 160 сантиметрге дейін секіре алмайды. Әрі бұл құрылыс материалының салмағын азайтып, қаржыға да үнем болмақ.

"Киіктің салдарынан егіске зиян келетін болса, біз оған ереже бекіттік. Оны біз өтейміз. Компенсация төлейміз. Ал сеткаға байланысты бұл мәселені біз ғалымдарға жібердік. Күтіп отырмыз. Егер де ғылыми институт рұқсат беретін болса, өзгерістерді енгізуге болады деп есептеймін." Аманғали Бердалин, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!