Киану Ривздің үйіне ұрылар түсті
© Сурет: Instagram/keanu.reevesss.official
Лос-Анджелестің құқық қорғау органдары актер Киану Ривздің үйіне ұрылар түскенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
TMZ порталының ақпаратына сәйкес, шаңғы тепкенде киетін масканы таққан қарақшылар үйге баса-көктеп кірген, бірақ полиция келгенге дейін олар жасырынып үлгерген. Бірнеше сағаттан кейін үйдің дабыл белгісі іске қосылып, полиция қызметкерлері актердің үйіне қайта оралған.
Бейнебақылау камерасына түскен кадрдан шаңғы маскасын таққан бірнеше ер адамды байқауға болады. Қылмыскерлер қару ұрлады, деп нақтылайды портал. Үйді тонау кезінде актер үйінде болмаған.
Киану Ривз көрермендерге "Матрица" және "Джон Уик", сондай-ақ "Менің жеке штатым - Айдахо", "Ібілістің адвокаты "және "Константин: Қараңғылық патшасы" фильмдері арқылы танымал.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





