Кез келген қазақстандық жасырын бақылауға алынуы мүмкін: депутат электрондық құрылғы нарығын бақылауды ұсынды
© Фото: Zakon.kz
Депутат Әбутәліп Мүтәлі 2026 жылғы 14 қаңтардағы Мәжіліс отырысында электронды құрылғыларды пайдалануды құқықтық тұрғыдан реттеу туралы мәселені көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, бүгінде елімізде техникалық құрылғылар нарығы іс жүзінде реттелмеген және бақылаусыз қалыптасқан. GPS трекерлері, GSM маяктары, мини-камералар, дауыс жазғыштар және онлайн платформалар арқылы лицензиясыз немесе сертификатсыз сатылатын электрондық құрылғылар нарықта қолжетімді.
Депутат осы құрылғылар арқылы ел азаматтарын заңсыз бақылауға алу мүмкіндігі бар екенін баса айтты.
"Бұл азаматтардың жеке өмірі мен отбасылық құпиясын қорғау құқығына қауіп төндіріп қана қоймай, жеке деректерді заңсыз жинау, бопсалау, қысым көрсету және корпоративтік тыңшылық сияқты тәуекелдерді арттырады. Қазір банктік карта және интернетке қолжетімділігі бар кез келген адам ақпаратты жасырын алу үшін техникалық құралды сатып ала алады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 399-бабы мұндай құрылғыны өндіруге, сатып алуға, сатуға және пайдалануға тыйым салғанымен, олардың жаппай айналымы кешенді құқықтық реттеуден тыс қалып отыр",- деді ол.
Бұл ретте, құқық қорғау органдары рейдтік жұмыстар барасында дауыс жазғышы бар қаламдар, тұрмыстық затқа жасырылған бейнекамералар, көзілдірік және флешка сияқты құрылғылардың сатылуын анықтаған.
"Ерекше алаңдаушылық тудыратын жайт – сырттан қарағанда заңды, кең таралған әрі сәнге айналған жаңа буын құрылғының ақпаратты жасырын тіркеу мүмкіндігіне ие болуы. Бұл құрылғылардың қауіпін тек сыртқы белгісіне қарап бағалау қате болып табылады. Шешуші рөл құрылғының пішіні емес, бағдарламалық қамтамасыз етілуі мен қолданылу тәсілімен анықталады",- деп мәлімдеді депутат.
Сонымен қатар, мәжіліс депутаты халықаралық тәжірибеде "қатаң бақылауға алынған" санатқа жататын электроника жайлы да сөз қозғады.
"Жаңа буындағы автомобильдер, соның ішінде аса үлкен сұранысқа ие Қытай автомобильдері, шетелдік серверлер мен пайдаланушы аккаунттары арқылы жұмыс істейді. Бұл еліміздің азаматтарына қатысты деректердің, соның ішінде қозғалыс маршруттары мен пайдаланушылық ақпараттың, шетелдік юрисдикцияларда өңделуіне әкеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, шетелдік компаниялар біздің азаматтарымыздың барлық қозғалыстары мен басқа да әрекеттерін бақылап, талдай алады. Мұндай автомобильдердің функцияларының қашықтықтан шектелуі немесе ажыратылуы фактілері бар". Әбутәліп Мүтәлі
Әбутәліп Мүтәлі мұндай электроникаға міндетті сертификаттау мен лицензиялау талабы қойылып, азаматтық мақсаттағы құрылғылар мен арнайы техниканың ара-жігі нақты ажыратылатындығын атап өтті. Бұл тәсіл азаматтардың жеке өміріне жасырын қол сұғылуынан қорғайды және теріс мақсатта пайдаланудың алдын алады.
Осыны айта келе депутат азаматтардың жеке өмірі мен жеке және отбасылық құпияға конституциялық құқығын қорғауды қамтамасыз ету, жасырын бақылауға арналған құрылғыларды сатуды сертификаттау және лицензиялауды міндеттеу, Ішкі істер министрлігі, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Бас прокуратураның қатысуымен құрылғылар айналымын бақылау шарасын белгілеу туралы ұсынысын білдірді.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінен еліміздің аумағында сатылатын және пайдаланылатын жаңа буындағы автомобильдер бойынша пайдаланушы аккаунттары мен деректерді өңдеу серверлерін Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруды және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесін қарастыруды, сонымен қатар осы құрылғылардың айналымын реттеу үшін кешенді құқықтық және бақылау тетігін әзірлеп, шұғыл түрде шара қабылдауды сұраймын",- деп қорытындылады сөзін.
Бұған дейін қазақстандық тұрғынның некесі заңсыз деп танылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:26, 14 қаңтар 2026
«Шоу-пакет» әзірлейді: Депутат Қазақстандағы марапаттар салымына наразылығын білдірді
-
14:18, 14 қаңтар 2026
Қазақстанда сыра мен сыра сусындарына цифрлық таңбалау енгізіледі
-
14:09, 14 қаңтар 2026
Қазақстанда пойызбен тасымалдауға тыйым салынған заттар тізімі жарияланды
-
13:57, 14 қаңтар 2026
Депутат еліміздегі ішімдік сатылымына шектеу енгізуді талап етті
-
13:48, 14 қаңтар 2026
Мәжіліс ЕЭО техникалық регламенттері жөніндегі келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялады





