Кәсіпкерлерден келіп түскен шағымдарға байланысты Салық кодексіне түзетулер енгізіледі ме - министрлік жауабы

14:43, 17 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин 2025 жылғы 17 желтоқсанда үкіметте өткен баспасөз мәслихатында президенттің тапсырмасына сәйкес, жаңа Салық кодексіне қатысты бюджет пен кәсіпкерлер мүддесін теңдестіру қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізу жоспары бар-жоғын сұрады.

"Бизнес тарапынан түскен ұсыныстарды талдадық. Оларды екі бөлікке бөлуге болады – салық саясатына қатысты және салық әкімшілігіне қатысты. Бірінші бөлікте, негізінен, жиі көтерілетін мәселе – арнайы режимдермен жұмыс істейтін заңды тұлғаларға шегерім жасауға тыйым салу. Ал әкімшілік бөлікте көптеген сұрақтар бар: формаларды қалай толтыру, жеке шот қалай жұмыс істейді және тағы басқа", – деп нақтылады Әмрин.

Ол шегерімге тыйым салу заңмен бекітілген норма екенін және ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетінін айтты.

"Бұл өзгермейді. Қарапайым салық режиміндегі кәсіпкерлер декларацияны тамызда тапсырады, алғашқы жартыжылдық бойынша есеп берілген соң, барлық көрсеткіштерді қарап, қорытынды жасаймыз", – деді вице-министр.

Бұған дейін ҚҚС қайтару жүзеге асырылатын елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктердің тізбесі бекітілгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!