Кепілге алынған ақтөбелік әйел ауруханадан шықты
© Фото: primeminister.kz
Бір апталық ем-дом шараларынан кейін Ақтөбеде адамдарды кепілге алу оқиғасынан жалғыз тірі қалған келіншек ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
KTK телеарнасының 20 қаңтардағы ақпараты бойынша, әйелдің физикалық жағдайы тұрақтанды, дегенмен алда оны ұзақ психологиялық оңалту шаралары күтіп тұр. Жақындары оған анасы мен өгей әкесінің өлімі жайлы тек бүгін ғана хабарлады.
"Ол емдеу курсын аяқтады. Жағдайы айтарлықтай жақсарды. Барлық көрсеткіштер қалыпты. Жарасы жазылып, тігістері алынып тасталды",- деді Ақтөбе облыстық көпсалалы ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесінің ординатор-дәрігері Оксана Оноприяк.
Бүгінде күдіктінің қаланың басқа ауданында тұрғаны белгілі болды. . Оның пәтері мөрленген, ал көршілері жағдайға түсініктеме беруден бас тартады.
Еске салсақ, 14 қаңтарға қараған түні Ақтөбеде белгісіз біреу адамдарды кепілге алды. Үйдегі үш адам зардап шекті, оның екеуі қаза тапты. Күдікті қандай да бір талаптар қойған жоқ. Үш сағаттық келіссөздерден кейін және күдікті кепілге алынған адамды босату туралы талаптарды орындаудан бас тартқаннан соң, шабуыл жасау туралы шешім қабылданды. Арнайы операция нәтижесінде күдікті ұсталып, кепілге алынған әйел босатылды.Оқиға болған жерді зерделеу барысында жертөледе пышақ жарақаттарымен егде жастағы екі адам табылды. Өкінішке қарай, зардап шеккендердің бірі тасымалдау кезінде, ал екіншісі ауруханада көз жұмды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:03, 21 қаңтар 2025
Алматыда бірнеше алаяқтық жасаған күдікті құрықталды
-
12:50, 21 қаңтар 2025
Алматыда тұрғын үй құрылысы 10,3%-ға қысқарды
-
12:38, 21 қаңтар 2025
Құрылыс компаниясы алматылықтарлды 2,5 млрд-қа алдап кеткен: іс сотқа берілді
-
12:29, 21 қаңтар 2025
Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берді
-
12:14, 21 қаңтар 2025
Алматы облысында 7 тонна есірткі тәркіленіп, 19 есірткі зертханасы жойылды