Әжесінің 100 мың теңгесін жұмсап қойған қыз тонау оқиғасын ойлап тапты
© Фото: Zakon.kz
Әжесінің 100 мың теңгесін жұмсап қойған қыз іс-әрекетін жасыру үшін өзін тонап кеткендігі туралы оқиғаны ойлап тапқан.
20 жастағы павлодарлық қыз полицияға қоңырау шалып, өзін тонап кеткені туралы хабарлады. Оператордың сұрақтарына жылап тұрып жауап берген ол, оқиғаны шеберлікпен суреттеп, шынайы образға енген.
"Менің сөмкемді ұрлап кетті! Ішінде 100 500 теңге және көк түсті Samsung телефоны болған. Автобустан түсіп жатқанымда, артымнан бір ер адам келіп, сөмкемді жұлып алып қашып кетті. Мен оның артынан жүгірдім, бірақ қуып жете алмадым. Ол бірден жоқ болып кетті", – деді телефонның ар жағынан өксігін баса алмаған "жәбірленуші".
Жедел-тергеу тобы дереу оқиға орнына аттанып, қыз көрсеткен мекенжайға жетті. Полиция қызметкерлері, автопатрульдер мен учаскелік инспекторлар жақын маңдағы көшелерді тексеріп, күдіктіге ұқсас азаматтарды іздестірді. Бейнебақылау камералары тексерілді, бірақ оқиға камераға түспеген.
Қыздың бұрын ер адамды аулада көргенін айтып, артынан жүгіргенін баяндаған мәлімдемелері күдік тудырды. Тергеушіге күмән тудырған тағы бір жайт – қыздың қылмыскердің қашқан бағытын нақты айта алмай, біресе бір жақты, біресе екінші жақты көрсеткені. Жәбірленуші полиция бөліміне жеткізілген соң, күдік расталды.
Тергеу кезінде қыз айғақтарынан шатаса бастады, артынша шыдамы таусылып, шындықты айтып берді. Белгілі болғандай, студентке әжесі несие қарызын төлеу үшін 100 мың теңге берген екен. Алайда қыз бұл ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберіп, жақындары ұрсады деп қорқып, тонау оқиғасын ойлап тапқан.
"Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін" қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайдың маңыздылығын атап өтті: "Мұндай әрекеттер тек полиция жұмысына кедергі келтіріп қана қоймай, шынайы қауіп-қатер туындаған кезде қызмет көрсету уақытын ұзартып, басқа азаматтардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Жедел қызметтер мен полиция нақты қауіптерге қолжетімді болуы тиіс.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:00, 20 қаңтар 2025
Жаңадан тағайындалған әділет министрі президентке есеп берді
-
16:37, 20 қаңтар 2025
Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті
-
16:32, 20 қаңтар 2025
7 млн теңге шығын: ШҚО тұрғыны өзгенің мүлкін қасақана өртеп жіберген
-
16:22, 20 қаңтар 2025
Жыл басынан бері алаяқтар азаматтарға 25 млрд теңгеден астам шығын келтірген
-
16:19, 20 қаңтар 2025
Қызылордада үй маңынан қызыл кітапқа енген қарақал табылды