Алматы облысында 7 тонна есірткі тәркіленіп, 19 есірткі зертханасы жойылды
© Фото: pexels
2024 жылы Алматы облысы прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп, "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында есірткі қылмысына қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
Барлығы 223 қылмыстық іс тіркелді. 19 есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 7 тоннадан астам есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде:
- 216 кг синтетикалық есірткі;
- 10 кг кокаин;
- 0,77 кг героин;
- 90-нан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 77 адам сотталды.
Облыс прокуратурасы бастамашы болған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Талғар ауданында "Альфа-PVP" есірткісін өндіретін зертхана жойылып, 350 литр дайын өнім мен 765 литр прекурсорлар тәркіленді.
Тергеу барысында ірі есірткі желісін ұйымдастырушылар мен сатушылар ұсталды.
Тағы бір жағдай бойынша, 2024 жылдың қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы аумағында ірі есірткі зертханасының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Ресей Федерациясынан келген синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан 2 күдікті анықталып, ұсталды. 8 кг дайын есірткі және оларды өндіруге арналған 2 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленді. 2024 жылдың қазан айында сот үкімімен екі кінәлі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Есірткі қылмыстарының алдын алуға ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында прокуратура полиция қызметкерлерімен, коммуналдық қызметтермен және 5000-нан астам еріктілермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.
Нәтижесінде:
- 1071 есірткі жарнамасы (граффити) анықталды;
- 9 сотқа дейінгі тергеу басталды;
- 11 көлік-логистикалықкомпаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды;
- есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған Telegram-ботіске қосылды;
- есірткі қылмыстары үшін де сотталған жастардың тағдыры туралы "Қабырға артындағы балалық шақ" атты деректі фильм түсірілді.
Аталған фильм білім беру мекемелерінде белсенді көрсетіліп, әлеуметтік желілерде 1 млн астам қаралым жинады, бұл оның қоғам тарапынан оң қабылданғанын дәлелдейді.
Облыс прокуратурасы бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруда.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:30, 21 қаңтар 2025
Әмір Омарханов Australian Open-2025 турнирінің үшінші айналымына шықты
-
14:24, 21 қаңтар 2025
Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл: Экология министрлігінің басшысы өз ұстанымын білдірді
-
14:19, 21 қаңтар 2025
Астанада экопосттар пайда болуы мүмкін
-
14:09, 21 қаңтар 2025
Былтыр «Таза Қазақстан» акциясына 6,2 млн адам қатысқан
-
13:58, 21 қаңтар 2025
Алматыда бейнежүйелерді істен шығарған ер адам ұсталды