Келесі аптада Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

17:55, 2 маусым 2023

© Сурет: Zakon.kz

Синоптиктер Zakon.kz сайтына Алматының келесі аптаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы аптаның соңына қарай қалада күн 37 градусқа дейін ысиды.

"Қазгидромет" РМК Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаевтың айтуынша, 3-9 сәуір аралығында қалада күн бұлтты болады, ерекше жауын-шашын болжанбады.

3 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +28+30°С.

4 маусым: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +30+32°С.

5-6 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +16+18°С, күндіз +32+34°С.

7 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +34+36°С.

8-9 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +35+37°С.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!