«Келеді барлық әлем Астанаға!». Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Димаштың концерті өтеді

© Сурет: dimashnews.com
Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаш Құдайбергеннің шоу-концертімен қорытындыланады. Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда - керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар....". "Келеді барлық әлем Астанаға, қонады Астанаға барша құстар! " деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!", деп жазды Светлана Айтбаева Instagram-дағы парақшасында.
Бұл туралы әншінің өзі де бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.
"Биыл Астанада 8-14 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткізілмек. Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтілуде. Осы әдемі мереке аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , "ДимашАли" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар!", деп жазды 7 шілдеде әнші.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:57, 9 шілде 2025
«Аптап ыстық, шаңды дауыл, нөсер жаңбыр». Еліміздің бүкіл өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
22:40, 9 шілде 2025
Маңғыстау облысында автобус 10 жасар қызды қағып кетіп, мерт етті
-
21:38, 9 шілде 2025
Бөлектау тауының басында қалып кеткен әйел адам құтқарылды
-
21:38, 9 шілде 2025
Бөлектау тауында қалып кеткен әйел адам құтқарылды
-
21:32, 9 шілде 2025
Қазақстанның ауыр атлеттері Азия чемпионатында тағы екі медальға қол жеткізді