Кедендік шекара арқылы өткізу кезінде жеке пайдалануға арналған тауарлардың өлшемдерін өзгерту жоспарлануда
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қаржы министрлігі Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне өзгерістер жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 560-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызу өлшемшарттарын белгілейді.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен иесімен бірге жөнелтілетін және иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, егер:
- төменде көрсетілген тауарлар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның тауарларды өткізу жиілігі жылына 1 (бір) реттен аспаса және саны мынадай көрсеткіштен аспаса:
- ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін теріден жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бір адамға бір атаудағы, мөлшердегі және үлгідегі 1 (бір) зат;
- ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірлік;
- планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;
- портативті алып жүретін компьютер және оған керек-жарақтар (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;
- зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) зат;
- велосипед – бір адамға 1 (бір) дана;
- балалар арбасы – бір адамға 1 (бір) дана;
- өзге де тауарлар бойынша Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бір) реттен аспаса жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.
Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.
Жобаның мақсаты жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу жиілігін бақылау болып табылады.
Жоба 22 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:32, 26 сәуір 2025
Синоптиктер 27 сәуірде еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертті
-
17:20, 26 сәуір 2025
СҚО-да ұрлап алған телефондағы мәліметтерді жария еткен ер адам сотталды
-
16:57, 26 сәуір 2025
Иранда жойқын жарылыс болып, 400-ден астам адам зардап шекті
-
16:48, 26 сәуір 2025
ТЖМ саяжай және бау-бақша учаскелері иелеріне қатысты мәлімдеме жасады
-
15:38, 26 сәуір 2025
Дзюдодан АЧ-2025: Бақыт Құсақбаева Қазақстан қоржынына үшінші медальды салды
Танымал жаңалықтар
-
18:42, 25 сәуір 2025
-
18:54, 25 сәуір 2025
-
19:42, 25 сәуір 2025
-
19:58, 25 сәуір 2025
-
19:55, 25 сәуір 2025
-
18:59, 25 сәуір 2025
-
13:25, 26 сәуір 2025
-
12:33, 26 сәуір 2025
-
19:32, 25 сәуір 2025
-
20:35, 25 сәуір 2025
-
20:57, 25 сәуір 2025
-
22:53, 25 сәуір 2025
-
10:55, 26 сәуір 2025
-
21:57, 25 сәуір 2025
-
13:59, 26 сәуір 2025