Ақтауда теңіз жағалауында би ұйымдастырған жас айыппұл арқалады

18:59, 25 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

24 сәуірде кешке жасөспірім теңіз жағалауына дауыс зорайтқыш орналастырып, музыканы қосқан. Сөйтіп биге "басқан". Полицейлер оқушының іс-әрекетін қайыр сұрау деп бағалап, әкесіне айыппұл салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар да хит әндерге елітіп, билеуге қарсы болмады. Алайда тәртіп сақшылары осылайша көңіл көтергендерді кілт тоқтатты.

Құқық қорғау органдары жасөспірім осылайша ақша табуға тырысқанын айтты, деп хабарлайды Lada.kz. Кәмелетке толмаған баланың әкесіне полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 449-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Бұл құқық бұзушылық үшін жаза ескерту не 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды қарастырады. Демек, айыппұл көлемі - 19 660 теңге.

Бұған дейін Ақтауда бортсерікті бетінен ұрған ер адам айыппұл арқалағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!