«ҚазМұнайГаз-Аэро» экс-директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды

19:44, 3 сәуір 2025

© Сурет: "Бәйтерек" холдингі

"ҚазМұнайГаз-Аэро" ЖШС-нің бұрынғы директоры Нұржан Нұрлановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 3 сәуірде Zakon.kz сайтына ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство Нұржан Нұрлановқа қатысты Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы ҚР ҚК 389-бабы ("Өзінше билік ету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ІІМ.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Сарыарқа" хоккей клубы" ЖШС-нің экс-директоры Арғын Нығматулинді іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Zakon.kz сауалына берген жауабында Бас прокуратураның баспасөз қызметі А.З.Нығматулинге және басқа да бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады. Олар Қарағанды ​​облысында хоккейді дамытуға бағытталған бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!