Бурабайда Конгресс орталық пен жағажай салынып, жаңа маршруттар пайда болады
© Сурет: pexels
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 8 сәуірде Үкімет отырысында Бурабай курорттық аймағында ауқымды абаттандыру күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Туристік инфрақұрылымды дамыту шеңберінде курорттық аймақта сегіз байқау алаңы салынады, 14 туристік маршрут ұйымдастырылып, Щучье көліндегі қоғамдық жағажай абаттандырылады.
"Сондай-ақ Щучинск қаласында дендрологиялық саябақты қайта жаңарту басталады. Маңызды туристік нысандардың бірі және Бурабай курортының визит карточкасы ретінде көпфункционалды Конгресс-орталық болуы тиіс", – деп атап өтті өңір әкімі.
Ол бүгінде жер учаскесі анықталып, күзге дейін жобаны әзірлеу жұмыстары басталғанын айтты.
Щучье-Бурабай курорттық аймағында "Дольче бай Уиндэм" (11,8 млрд теңге, "Club House Burabay" ЖШС), "Бурабай Парк Вилледж" коттедж қалашығы (10 млрд теңге, "Burabay Park Village" ЖШС) және Hilton (3 млрд теңге) брендімен апарт-қонақ үйінің құрылысы жалғасуда. Жыл сайын курорттық аймаққа 20 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарту жоспарлануда.
Президенттің туризмді дамытуға және шетелдік туристерді тартуға бағытталған тапсырмасы бойынша Ақбура курорттық аумағы шегінде ойын аймағы кеңейтілді (облыс әкімдігінің тиісті қаулысына 2025 жылғы 27 наурызда қол қойылды). Бұл жобаны іске асыру 10 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға, 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға және салық түсімдерін жылына 8 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
2025 жылы Бурабай курорттық аймағында 114 "ақылды" бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұл туристер үшін қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырады. Сондай-ақ ұялы байланыс пен мобильді интернеттің сапасын жақсарту мақсатында қосымша 7 антенна-діңгек құрылыстары орнатылды.
Бұған дейін Астанада Диснейлендтің салынбайтын болғандығы жайлы жазған болатынбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:03, 28 сәуір 2025
Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді
-
21:48, 28 сәуір 2025
Павлодарда миы шайқалып, ауруханаға түскен сәбидің шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
-
21:34, 28 сәуір 2025
Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады
-
20:44, 28 сәуір 2025
Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр
-
20:31, 28 сәуір 2025
Бозымбаев «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын тексерді
Танымал жаңалықтар
-
11:11, 28 сәуір 2025
-
11:43, 28 сәуір 2025
-
12:57, 28 сәуір 2025
-
09:28, 28 сәуір 2025
-
09:36, 28 сәуір 2025
-
10:12, 28 сәуір 2025
-
11:29, 28 сәуір 2025
-
10:25, 28 сәуір 2025
-
15:55, 28 сәуір 2025
-
12:25, 28 сәуір 2025
-
09:03, 28 сәуір 2025
-
09:58, 28 сәуір 2025
-
10:34, 28 сәуір 2025
-
14:13, 28 сәуір 2025
-
10:41, 28 сәуір 2025