Елімізде туроператорлардың салықтары жіті есептелуде

16:25, 8 сәуір 2025

© Фото: freepik

Туризм саласындағы компаниялар салық органдарынан туристерді шетелге демалысқа жібергені үшін қосымша салық төлеуді талап ететін хабарлама алған. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Туристік компаниялар мұның салдары билеттер бағасының қымбаттауына әкеледі алаңдап отыр. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2025 жылдың 8 сәуірінде өткен үкімет отырысынан кейінгі баспасөз конференциясында туристік компаниялар мен Мемлекеттік кірістер комитеті арасында келіссөздер жүргізілгенін айтты.

"Хабарламалар жіберілді. Бұл ретте, МКК турбизнес субъектілері өз уақытында төлемеген салықтарды қайта есептеп, қосымша жіберді. Олар былайша айтқанда, салық төлеуден жалтырып кеткен. Мұнда ешқандай қылмыстық құрам жоқ, олар бар болғаны салықтарды төлеуі керек. Немесе өздерінің дұрыс екенін сотта дәлелдеуге болады", – деді Ержан Еркінбаев.

Бұған дейін ҚР елшіліктері мен СІМ Қазақстанға уақытша келген шетелдіктерге ЖСН беретіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!