Қазкомның жеке капиталы 268,7 млрд теңге болды

17:15, 25 мамыр 2018

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржы есептілігіне негізделген 2018 жылғы алғашқы үш айдағы қызметінің нәтижелерін жариялады.

Банктің жеке капиталы 2017 жылғы 31 желтоқсандағы 268,1 млрд теңгемен салыстырғанда 2018 жылғы 31 наурызда 268,7 млрд теңгені құрады. 2017 жылдың екінші жартыжылдығында банктің жеке капиталы банк акцияларын «АЛМЭКС» Холдинг тобы» АҚ мен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ –  жаңа акционерлерінің сатып алуы есебінен 250,2 млрд теңгеге ұлғайған. Акционерлер 2018 жылғы 31 наурызға «Казкоммерцбанк» АҚ жай акцияларының 96,8%-на ие.

Жеке капиталдың баламалылық коэффициенті ҚРҰБ әдістемесі бойынша 2018 жылғы 31 наурызда: k1 – 21,3%, k1-2 – 21,3%, k2 – 28,9% құрады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!