ҚазАвтоЖол: Жол пайдалану учаскелері басшыларының жұмысында заңсыздық анықталды

© Фото: zakon.kz
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ ішкі аудит қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметімен бірлесіп барлық жол пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметін тексеріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ішкі тексеріс барысында бірқатар жол пайдалану учаскелері басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды. Тексеріс толық аяқталып, анықталған фактілер расталған жағдайда, жол пайдалану учаскелері басшыларына Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес шара қабылданады.
Анықталған фактілер бойынша құзыретті органдар да қосымша хабардар етіледі.
Ішкі тексеріс төмендегі тармақтарды қамтиды:
- өндірістік құжаттаманы рәсімдеу;
- жанар-жағар майды есептен шығару;
- жол парақтарын рәсімдеу;
- жол пайдалану учаскелері басшыларының қызметкерлердің еңбек пен орындаушылық тәртібін қадағалауы;
- күнделікті жұмысқа еш қатысы жоқ мамандарды тіркеу фактілері және тағы басқа.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:23, 24 қыркүйек 2023
Іле Алатауында адасып кеткен екі жасөспірім аман-есен табылды
-
17:12, 24 қыркүйек 2023
25 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды
-
16:56, 24 қыркүйек 2023
Кентауда мұғалімдер екі ай бойы жалақысыз жұмыс істеп келген
-
16:50, 24 қыркүйек 2023
Діни дәстүршілдік, гуманистік рационализм: Şam театры екінші маусымын «Иран конференциясы» спектаклімен ашады
-
16:07, 24 қыркүйек 2023
Азия ойындарында Қазақстан Париж Олимпиадасының екінші лицензиясына қол жеткізді