Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі камераға түсіп қалды

16:33, 28 қазан 2026
MKZ: 1574824

© Фото: Zakon.kz

Алматы мемлекеттік табиғи қорығында тау ормандарының ең айбарлы тұрғындарының бірі – марал (Cervus elaphus) камераға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 28 қазанда қорықтың Instagram парақшасында белгілі болды.

"Марал – салмағы 300 келіге дейін жететін ірі сүтқоректі жануар. Қорық аумағында ол теңіз деңгейінен 1200–3500 метр биіктікте кездеседі. Аралас және қылқан жапырақты ормандарды, сондай-ақ субальпілік және альпілік белдеулерді мекендейді", – делінген қорықтың хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, марал аталықтарының басты ерекшелігі – үлкен тармақталған мүйіздері. Олар жыл сайын наурыз-сәуір айларында ескі мүйіздерін тастап, орнына жаңасын өсіреді. Ал аналықтарының мүйізі болмайды.

"Биік таулар мен қалың ормандарды мекендейтін марал Қазақстанның жабайы табиғатындағы ең көрікті жануарлардың бірі саналады", – деп атап өтті қорық мамандары.

Бұған дейін Көлсайда камераға түсіп қалған жабайы табиғаттың ең жүйрік жануарларының бірі туралы жазған едік. Әңгіме ақкіс жайында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!