Қазақстанның үш өңірінде жолдар жабылды
© Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарында қолайсыз ауа райы салдарынан жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының мәліметінше, 7 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа температурасының төмендеуі және тұманға байланысты көлік қозғалысы шектелді.
Ақтөбе облысы
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 965-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысы шекарасы);
- "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 0-234 шақырым аралығындағы учаскесі (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысы шекарасы).
Қызылорда облысы
- "РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы" автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысы шекарасы – Арал қаласы).
Қостанай облысы
- "Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ" автожолының 234 -310 шақырым аралығындағы учаскесі, (Ақтөбе облысы шекарасы – Адаевка ауылы).
Жолдарды 2025 жылғы 7 желтоқсан сағат 18:00-де ашу жоспарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:18, 24 қаңтар 2026
Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
-
10:18, 24 қаңтар 2026
Кедендегі даулы іске байланысты шетелде қашып жүрген экс-шенді Қазақстанға экстрадицияланды
-
09:58, 24 қаңтар 2026
АҚШ елшілігі қазақстандықтарға ерекше ұсыныс жасады
-
09:46, 24 қаңтар 2026
Касса және чек шығару: Қазақстанда фискалдау тәсілдері қандай өзгеріске ұшырады
-
09:37, 24 қаңтар 2026
Абу-Дабида АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің үшжақты форматтағы алғашқы кездесуі өтті





