Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құлап, Мәскеудегі ауруханалардың біріне түсті
© Сурет: Instagram/egorkonchalovsky
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, кеңес және ресейлік театр және кино актрисасы Наталья Орынбасарова Мәскеу маңындағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Актрисаның құлап қалғаны, одан кейін ішкі-құрылысына шағымданғаны белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.
MK.ru сайтының мәліметінше, режиссер Андрей Кончаловскийдің бұрынғы әйелі 6 қыркүйекте саяжайда үй жұмыстарымен жүргенде құлап, жарақаттанған. Бастапқыда 77 жастағы актриса денесіндегі ауырсыну белгілерін елемеген. Бірақ 11 қыркүйекте денедегі зақымданған орыны қатты ауыра бастаған. Қазір актриса ауруханада жатыр, дәрігерлердің бақылауында.
Айта кетсек, Орынбасароваға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атағы 1997 жылы берілген болатын. Ол Мәскеуде дүниеге келген, бірақ Алматының хореографиялық мектебінде оқыған, одан соң Үлкен театрдағы академиялық хореографиялық училищеге жіберілген. Актрисаның түскен алғашқы фильмі - Шыңғыс Айтматовтың "Тұңғыш мұғалім" романының желісі бойынша Андрей Михалков-Кончаловский түсірген фильм. Осы фильмдегі басты рөлі үшін Орынбасарова Венецияда "Вольпи алтын кубогы" кинофестивалінің жүлдесін жеңіп алды. Содан кейін ол Андрей Кончаловскийге тұрмысқа шықты. Бес жылға созылған бұл некеден актрисаның бір ұлы бар...
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:23, 18 қыркүйек 2024
Жамбыл облысында ірі есірткі алқабы жойылды
-
12:10, 18 қыркүйек 2024
«Жанжалды мінез-құлық»: Астаналық әйел өзін емдеуден бас тартқан медициналық орталықты сотқа берді
-
11:59, 18 қыркүйек 2024
«Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе»: 6 қазандағы референдум бюллетеньі бекітілді
-
11:48, 18 қыркүйек 2024
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларына көшу қағидалары жаңартылды
-
11:36, 18 қыркүйек 2024
Шымкентте қаңғыбас ит-мысықтардан құтылуға бөлінген 500 млн теңге неге нәтиже бермеді