Алматы көшелеріндегі жасырын патрульдер кезекті жүргізушілерді жауапқа тартты
© Фото: Zakon.kz
Алматыда арнайы танымбелгілері жоқ жасырын полиция патрульдері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушілерді анықтауды жалғастырып жатыр. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, жолдағы көліктердің арасынан ерекшеленбейтін патруль қызметкерлері BMW және Hyundai маркалы автокөліктердің жүргізушілері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғанын тіркеген.
"Құқық бұзушылықтар тіркелгеннен кейін көліктер тоқтатылды. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, автокөліктер мамандандырылған айып тұрағына қойылды", – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция өкілдері жасырын патрульдердің арнайы танымбелгілерсіз қызмет атқаратынын еске салды. Сондықтан оларды жалпы көлік ағынынан ажырату іс жүзінде мүмкін емес. Мұндай тәсіл жол қозғалысы ережесін ешкім байқамайды деген оймен әдейі бұзатын жүргізушілерді анықтауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін, 9 шілдеде Алматы полициясы жасырын патрульдердің көмегімен жолда қауіпті маневр жасаған екі жүргізушіні ("шашка" әдісімен жүрген) анықтағанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:32, 15 шілде 2026
Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады
-
11:24, 15 шілде 2026
Алматыда 15 шілдеден бастап бірден 15 автобус бағытының қозғалысы өзгереді: толық тізім
-
11:14, 15 шілде 2026
Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгереді
-
11:04, 15 шілде 2026
Тоқаев суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатын азаматтарға қатысты заңға қол қойды
-
10:56, 15 шілде 2026
Тыйым салынған «салма»: бөлке нанның ішінен екі телефон табылды





