Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, үсік жүреді

21:10, 28 қазан 2026
MKZ: 1574876

© Фото: zakon.kz

Қазақстанның бірнеше облысында тұман, қатты жел және үсік күтіледі. Бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 1 градус үсік жүреді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Талдықорған қаласында түнде 1-3 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында түнде 1-3 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өскемен қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыс бойынша 1-6 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында түнде 3 градус үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, тау бөктеріндегі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында түнде 1-3 градус үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!