Богдан Вехов шорт-тректен әлемдік тур кезеңінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

22:01, 28 қазан 2026
MKZ: 1574882

© Сурет: olympic.kz

Қазақстандық шорт-трекші Богдан Вехов Канаданың Ванкувер қаласында өткен ISU әлемдік турының алғашқы кезеңінде төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

1500 метр қашықтықтағы финалда отандасымыз 2:20.393 нәтижесін көрсетті. Қола жүлдегер, жапониялық Сёго Миятадан 0,205 секундқа қалып қойды.

Нидерланд өкілі Йенс ван ’т Ваут (2:20.025) жарыс жеңіпазы атанды. Оңтүстік Корея спортшысы Рим Джон Гун (2:20.082) мәре сызығын екінші болып кесті.

Әлемдік турдың келесі кезеңі Канаданың Монреаль қаласында өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!