Қазақстанның басым бөлігінде 27 мамырда күн ашық болады
© Сурет: unsplash
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстік-батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың қалған бөлігінде солтүстік антициклонның ықпалымен күн ашық болады.
Республика бойынша жел күшейеді, батыста – шаңды дауыл, солтүстікте түнде және таңертең тұман болжанды.
Атырау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысының шығысында, орталығында, Қызылорда облысының шығысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанды, Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Астанада – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, күндіз +21+23°С.
Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.
Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





