Қазақстаннан тұңғыш болып Gender EDGE жаhандық сертификатын алатын компания белгілі болды

23:22, 5 маусым 2023

© Сурет: pressroom.ifc.org

Жаhандық Gender EDGE сертификатын алатын тұңғыш қазақстандық компания белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астықты терең өңдеу, ет өңдеу және кондитерлік өнімдерді шығару саласындағы жетекші қазақстандық кәсіпорындардың бірі KazFoodProducts (KFP) компаниясы Дүниежүзілік банк тобына (World Bank Group) кіретін International Finance Corporation (IFC) ұйымынан 15 миллион АҚШ долларына тең қаржыландыру пакетін алады. Бұл қаражат компанияның іске асырылып жатқан жобаларын қаржыландыруға және пандемия мен Ресей Украинаға басып кіргеннен кейінгі кезеңдегі инвестициялық бағдарламасын қолдауға жұмсалады.

Жоба Қазақстанның тамақ өнеркәсібін дамытуға ықпал етіп, ел экономикасын әртараптандыруға, фермерлер мен ауылшаруашылық саласында сауда-саттық жасайтын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге және елдің шалғай аймақтарында тікелей және жанама жолмен жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Ауғанстан мен Тәжікстан сияқты астық тапшы елдерге Қазақстаннан ұнды экспорттау арқылы KFP аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға да үлес қосады. 

Сонымен қатар IFC KFP-ге жұмыс орнындағы гендерлік теңдікті қаматамасыз ету үшін көрсеткіштер мен стандарттарды белгілейтін, жеке секторға арналған бірінші жаһандық сертификат саналатын Gender EDGE гендерлік теңдік сертификатын алуға көмектеседі. Компания осы сертификат талаптарына сай деп табылатын Қазақстандағы бірінші ұйым болмақ. 

EDGE (Гендерлік теңдікке арналған экономикалық дивидендтер) – гендерлік теңдікті бағалаудың әлемдік жетекші әдіснамасы және сертификаттау стандарты. EDGE сертификаты компанияларға әйелдер мен ерлер үшін оңтайлы жұмыс ортасын жасауға көмектеседі.

Қазіргі уақытта EDGE дүние жүзіндегі 57-ден астам елде,  27 салада, 250-ден астам ұйыммен жұмыс істейді. Осылайша, жақын арада KazFoodProducts гендерлік теңдікті негізгі басымдық санайтын Экономикалық ықпалдастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік банк тобы, IFC, ЮНИСЕФ, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Шеврон, IKEA, UniCredit, Deloitte және тағы басқа халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың қатарына енеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!