Қазақстанға кімдердің кіруіне тыйым салынады – ІІМ түсіндірмесі
© Фото: gov.kg
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі ел аумағына кіруге шектеу қандай жағдайларда қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрліктің мәліметінше, тексеру іс-шаралары кезінде көші-қон полициясы қызметкерлері шетел азаматтарының ел қауіпсіздігіне ықтимал қатер төндіруі мүмкін мән-жайларға назар аударады.
Атап айтқанда, Қазақстанға кіруге тыйым салынуы мүмкін жағдайлар:
- ел заңнамасын бірнеше рет бұзу, оның ішінде әкімшілік немесе қылмыстық құқықбұзушылықтар жасау;
- адамның экстремистік немесе террористік қызметке қатыстылығы туралы мәліметтердің болуы;
- қоғамдық тәртіпті, ұлтаралық келісімді немесе конституциялық құрылысты бұзуға бағытталған әрекеттерге қатысу.
Шетел азаматтарын елге кіргізбеу туралы шешім "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңының 48-бабына сәйкес қабылданады.
ІІМ деректері бойынша, 2025 жылдың он айында ішкі істер органдарының қызметкерлері:
- елден 14 мыңнан астам шетел азаматын шығарып жіберген;
- шамамен 17 мың адамның елде болу мерзімін қысқартқан.
Бұған дейін, 2025 жылғы 22 шілдеде ІІМ министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Аленов шетелдіктерді тіркеу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу мәселесі қосымша пысықталып жатқанын айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:50, 21 қыркүйек 2026
Жетісу облысында үй жағдайында есірткі өсірген екі адам ұсталды
-
16:47, 21 қыркүйек 2026
Алматы күніне арналған мерекелік іс-шараларға миллионнан астам адам қатысты
-
16:40, 21 қыркүйек 2026
Астанада бір отбасының мүшелері қыздарды жезөкшелікке тартып, клиенттерінен ақша бопсалаған
-
16:32, 21 қыркүйек 2026
Қазақстанда қоғамдық орындарға зиян келтіретін граффитиге толық тыйым салынуы мүмкін
-
16:26, 21 қыркүйек 2026
Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында рекордтық нәтижемен жеңіске жетті





