Қазақстандықтардың шетелде жүрген кезінде паспорт дайындау мерзімін қысқарту жоспарлануда

09:06, 26 наурыз 2026

© Фото: Zakon.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі "Шетелде жүрген ҚР азаматтарының паспорттарын дайындауға құжаттарды қабылдау және оларды жолдау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жоба мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 90 жұмыс күнінен 40 жұмыс күніне дейін қысқарту мақсатында әзірленген.

Сонымен қатар, қағидаларды қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкестендіру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы" заң мен Цифрлық кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты ескірген нормалар мен сілтемелерді алып тастауға бағытталған редакциялық түзетулер енгізіледі.

Құжат Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы және 2024–2028 жылдарға арналған қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында әзірленген.

Жоба 6 сәуірге дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!