Жамбыл облысында жол апаты кезінде құтқарушылар зардап шегушіні жедел шығарып алды

12:21, 25 наурыз 2026

© Сурет: Zakon.kz

Бүгін, 25 наурызда таңертең Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Бурыл ауылында екі жеңіл автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының күштері шұғыл түрде жетіп, жол-көлік оқиғасының салдарынан көлікте қысылып қалған адамды гидравликалық авариялық-құтқару құралдарының көмегімен шығарып алды.

Ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды.

Еске салайық, бұған дейін Қытай азаматы қиын жағдайда көмектескен қазақстандық полицейге алғыс айтқанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!