Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

14:05, 25 наурыз 2026

© Сурет: baiterek.gov.kz

Нұрлан Байбазаров Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 25 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлаған едік.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!