Тұман және екпіні күшті жел: 26 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

15:10, 25 наурыз 2026

© Сурет: pixabay

"Қазгидромет" Қазақстан аумағына 2026 жылғы 26 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейсенбі күні болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

"Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал республиканың қиыр солтүстігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) түседі", – делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Сондай-ақ республика бойынша тұман түседі, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады, ал батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жел күшейеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!