Екібастұз маңында автокөлік мұз астына түсіп кетті
© Фото: zakon.kz
Екібастұз маңында автокөлік мұз астына түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Павлодар облысында мұздың жұқалығы тағы бір қауіпті жағдайға себеп болды.
23 наурыз күні Екібастұз ауданына қарасты Шиқылдақ ауылының маңында балық аулау кезінде автокөлік мұз астына түсіп кеткен.
"Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел әрекет етіп, мұз үстінде қалған үш балықшыны эвакуациялады. Олар Шідерті кентіне жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінде.
Аталған дерек бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзған автокөлік иесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Павлодар облысының ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта мұздың құрылымы жұқа әрі тұрақсыз. Осыған байланысты мұз үстіне шығуға және автокөлікпен жүруге қатаң тыйым салынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:56, 25 наурыз 2026
26 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:35, 25 наурыз 2026
Маңғыстаудағы табиғатты қорғау инспекторлары аққулардың өлексесіне қатысты түсінік берді
-
15:10, 25 наурыз 2026
Тұман және екпіні күшті жел: 26 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
14:05, 25 наурыз 2026
Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
-
14:03, 25 наурыз 2026
Ерболат Досаев қызметінен босатылды





