Каспий жағалауынан көп өлі аққу табылды

13:28, 25 наурыз 2026

© Сурет: pixabay

Режиссер Қанат Майлыбаев 23 және 24 наурыз күндері досына қонаққа барғанын айтып, теңіз жағасында серуендеп жүріп шошытатын көрініске куә болғанын жеткізді. Оның сөзінше, жағалау өлі құстарға толы болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Майлыбаевтың айтуынша, құстардың өлексесі табылған жерге адамдар сирек баратын көрінеді: маңайда тұрғын үйлер жоқ, ал су деңгейі едәуір төмендеп кеткендіктен, жағалауға жету қиындаған, деп жазды Lada.kz.

"Бәлкім, ол жерге ешкім бармайтын шығар – жақын маңда үйлер жоқ. Мен бірде-бір адамды кездестірмедім. Оның үстіне, су қатты тартылып кеткен, мүмкін, сондықтан адамдар ол жаққа бармайтын болар", – деді Қанат Майлыбаев.

Режиссер бұл жағдайды жария етуді көздеп отыр. Ол жануарлардың қырылу мәселесіне Қазақстанда ғана емес, Каспий маңы елдерінде де назар аударту үшін деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!