Қазақстандықтардың ғылыми атақтары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің растауынсыз таныла береді
© Сурет: pexels
2026 жылдың 6-7 тамызында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің үкімет басшылары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Келісімге сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген аға ғылыми қызметкер, доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтары туралы құжаттар ұлттық тану рәсімдерінен өтпей-ақ өзара танылады. Осылайша, Қазақстан Республикасында берілген ғылыми атақтар туралы құжаттар ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің аумағында қосымша растау рәсімдерінен өтпей-ақ танылады, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, аталған келісімнің ережелері ол күшіне енгенге дейін берілген ғылыми атақтар туралы құжаттарға да қолданылады. Келісімді іске асыру ЕАЭО ортақ еңбек нарығы шеңберінде ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етуге, жұмысқа орналасу кезіндегі әкімшілік рәсімдерді қысқартуға, сондай-ақ ғылыми атақтар туралы құжаттарды тануға байланысты азаматтардың уақыттық және қаржылық шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін, 2024 жылғы 2 мамырда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ғылыми дәрежелер туралы құжаттарды өзара тану туралы келісім күшіне енгенін айта кету керек.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
01:20, 10 қыркүйек 2026
Тоқаев Рыбакинаны әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады
-
23:43, 9 қыркүйек 2026
Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды
-
22:57, 9 қыркүйек 2026
Оқушы қыз орамалы: ҚМДБ Оқу-ағарту министрлігі мен уәкілетті органдарға ұсыныс жасады
-
22:36, 9 қыркүйек 2026
Ақмола облысында алтын кенін заңсыз өңдеген екі шағын цех анықталды
-
21:56, 9 қыркүйек 2026
Рақымшылық шарасы: Қазақстанда қанша адам бостандыққа шығып үлгерді





