Тоқаев көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айтты
© Сурет: zakon.kz
Мемлекет басшысы көрнекті кинорежиссер Ардақ Әмірқұловтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және "Құрмет" орденінің иегері Ардақ Әмірқұловтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.
– Ардақ Әмірқұлов бар саналы ғұмырын кино өнеріне арнап, ұлт мәдениетін ұлықтауға мол үлес қосты. Кәсіби киногер ретінде "Отырардың күйреуі", "Абай", "Қош бол, Гүлсары!" сияқты тарихи туындыларды таспалап, төл руханиятымыздың алтын қорын байыта білді. Қазақ кинематографиясын өркендету жолында ұстаздық қызмет атқарып, дарынды шәкірттер тәрбиеледі. Соңына рухани мол мұра қалдырған Ардақ Әмірқұловтың иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:10, 8 қыркүйек 2026
Дәрігерлерден 319 млн теңге ұрлап, оны брендтерге шашқан әйел түрмеге түспеді
-
14:02, 8 қыркүйек 2026
«Ештеңе істей алмадым»: Осака Рыбакинамен өткен матч туралы пікір білдірді
-
13:58, 8 қыркүйек 2026
110 млн теңге және 16 дроппер: Алматыда заңсыз казино желісі әшкереленді
-
13:46, 8 қыркүйек 2026
Уақыты келді – Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар чатындағы қарым-қатынас тәртібін реттеуге дайын
-
13:38, 8 қыркүйек 2026
Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың шағымын тексеріп жатыр





