Қазақстанда сенбі күні өте қатты ыстық болады

18:19, 7 тамыз 2026
MKZ: 1560217

© Фото: Zakon.kz

Алдағы сенбіде, 2026 жылғы 8 тамызда, Қазақстанның басым бөлігінде аномальды ыстық болады. Еліміздің барлық дерлік аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ұсынған болжамда айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, күндізгі аптап бірден республиканың 10 өңірінде болады:

қатты ыстық:

  • +35+38°С дейін – Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде,
  • +38+42°С дейін – Маңғыстау облысында,
  • +40+41°С дейін – Түркістан және Қызылорда облыстарында,

өте қатты ыстық:

  • +41°С дейін – Атырау облысында, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде.
"Қазақстанның басым бөлігінде кең ауқымды антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек елдің шығысында, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Сондай-ақ болжамға сәйкес, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады:

жоғары өрт қаупі – Батыс Қазақстан облысында, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, Ақтөбе облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының шығысында, Маңғыстау облысының батысында, Қостанай облысының батысы, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде, Ақмола облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында, Түркістан облысының шығысында, Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен оңтүстігінде;

төтенше өрт қаупі – Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысы мен орталығында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Қостанай облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының батысында, Қарағанды облысының шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысы мен орталығында.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!