Қазақстандықтардың есепшоттарына кибершабуыл жасаған күдікті ұсталды
© Сурет: ҚР ІІМ
Жетісу облысында полиция қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп киберқылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстарын күшейтуде.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде интернет-алаяқтық арқылы азаматтардың есепшоттарынан ұрланған қаржыны қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысы бар ұйымдастырушы қолға түсті.
Тәртіп сақшылары Алматы қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Қазақстан аумағында жасалған бірқатар қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Тінту барысында күдіктіден iPhone 16 Pro ұялы телефоны, BMW X7 автокөлігі және шетелдік байланыс операторларына тиесілі төрт SIM-карта тәркіленді. Тергеу мәліметінше, күдікті OLX платформасында жалған хабарландырулар орналастырып, азаматтарға банк арқылы тауарлық несие рәсімдеуді ұсынған.
Сенгіш адамдарды алдау арқылы ол дроповодтар мен дроптарды тартып, заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол қылған. Қазіргі таңда қылмыстық істі Жетісу облыстық полиция департаментінің тәжірибелі мамандары тергеп жатыр.
Өңір бойынша төрт жәбірленуші анықталды. Дегенмен тергеу жалғасуда, алаяқтық схемасының құрбандары Қазақстанның өзге аймақтарынан да әшкереленуі мүмкін.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:47, 21 қыркүйек 2026
Тоқаев шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға көңіл айтты
-
17:30, 21 қыркүйек 2026
Алматыда Mercedes бірнеше көлікпен соқтығысып, арыққа аударылды
-
17:26, 21 қыркүйек 2026
Ерлердің бала күтіміне шығуы мен әйелдерге берілетін қолдау өзгеруі мүмкін
-
17:22, 21 қыркүйек 2026
Қарағандыда ұйымға ұрлыққа түскен үш адам қолға түсті
-
17:08, 21 қыркүйек 2026
Әсел Қанай каратэден Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды





