Қазақстанда инфляция деңгейі 10%-ға жетті

16:15, 7 сәуір 2025

© Фото: pexels

Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10%-ға жетті. Бұл ақпан айындағы деңгейден 0,6-ға артық. Ол кезде көрсеткіш 9,4%-дық деңгейді көрсетіп тұрған болатын. Алайда, айлық инфляция сәл баяулаған - 1,3%, ол өткен айда 1,5% болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Инфляцияның негізгі факторлары

Статистика деректері бойынша азық-түлік тауарлары жылдық мәнде 7,6%-ға, ал айлық мәнде 1,6%-ға өсті. Ең көп қымбаттаған:

  • картопқа – 66,4%,
  • басты пиязға – 32,2%,
  • қырыққабатқа – 27,3%,
  • минералды және ауыз суға – 17,1%,
  • күнбағыс майына – 16,8%,
  • кондитерлік өнімдерге – 15%,
  • қызанақтарға – 14,9%,
  • банандарға – 14,6%,
  • алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдеріне – 13%,
  • сары майға – 12,2%,
  • жеміс және көкөніс шырындарға – 11,4%,
  • сиыр етіне – 11,2%,
  • салқындатылған сусындарға – 11,1%,
  • балық және теңіз өнімдеріне 10,6%.

Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына – 17,7%, жұмыртқаларға – 8,3%, сәбізге – 7,4%, күрішке 6,3% байқалды.

Азық-түлік емес тауарлар жылдың мәнде – 9,1%-ға, айлық мәнде 0,8%-ға жетті.

  • дыбыс-бейне шолу жабдығына – 48%,
  • зергерлік бұйымдар және сағаттарға – 26,6%,
  • жаңа жеңіл автомобильдерге – 21,6%,
  • еденге арналған кілемдер мен кілемдік жабындарға – 13,9%,
  • киім және аяқ киімге – 10,9%,
  • жиһаз және үйге қажетті заттарға – 10%,
  • Сұйытылған газ баллондағы – 23%,
  • ағаш – 14,8%.

Жылдық мәндегі ең үлкен өсімді – 14,3%-ды, ақылы қызметтер көрсетті.

  • суық суға – 88,4%,
  • су бұруға – 23,7%,
  • орталықтан жылытуға – 19%,
  • ыстық суға – 14,6%,
  • электр энергиясына – 14,3%,
  • тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,3%,
  • қоқыс шығаруға – 11,1%,
  • тұрғын үйді күтіп ұстауға жұмсалған төлем – 11%.

Өзге де қызметтер:

  • кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 47,3%,
  • байланыс қызметтеріне – 13,9%,
  • денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,4%,
  • жеке көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге – 12,9%,
  • шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 12,6%,
  • қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне – 11,3%,
  • демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтеріне 9,2%.
  • Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 23,6%,
  • қалалық автобуспен – 11,2%,
  • жолаушылар әуе көлігімен 10% қымбаттады.
  • Тұрғын үйді жалға алу төлемі 14,9% өсті.

Наурызда ең жоғары инфляция Астанада (13,3%), Қарағанды (12,1%) және Ақмола (12%) облыстарында тіркелді. Бұл аймақтарда бағаның өсуі орташа республикалық деңгейден жоғары болды.

Инфляция неге артып келеді?

Жылдық инфляцияға азық-түлік пен алкогольсіз сусындар (2,9 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (1,8 пайыздық тармақ) және денсаулық сақтау (1,2 пайыздық тармақ) үлкен үлес қосты. ТКШ қызметтері де маңызды рөл атқарды, 16%-ға қымбаттап, жалпы инфляцияға 1,8 пайыздық тармақ енгізді.

Жыл ішінде ет және ет өнімдері бағасы – 8%, жемістер мен көкөністер 11,9% өсіп, инфляцияға тиісінше 0,9 және 0,7 пайыздық тармаққа негізгі үлес қосты. Май және тоң май – 13,1%, сүт өнімдері бағасының 6,1% қымбаттауы жылдық инфляцияға 0,3 пайыздық тармақтан, алкоголсіз сусындар (9,9%), нан өнімдері мен жармалар (3,1%) – 0,2 пайыздық тармақтан үлес қосты.

Киім – 10,5%, аяқ киім 11,7% қымбаттады және инфляцияға тиісінше 0,6 және 0,4 пайыздық тармаққа үлес қосты.

Бұған дейін қазақстандықтарды алдағы күндері жаңбырлы ауа райы күтетіндігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!