Ақтөбе облысындағы медициналық мекемелердің бірінде ақылы қызмет құны негізсіз көтерілген

17:00, 7 сәуір 2025

© Фото: Zakon.kz

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. Бұл жайлы өңір прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, медициналық мекемеде №073/е анықтамасы (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) – 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған.

Мұнымен қоса, қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтердің негізсіз енгізілгені анықталды.

Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауынан науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді.

"Нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтіріліп, жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Шымкентте 6,7 келілік алып сәби дүниеге келгендігі хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!