Жағдайы ауыр: Белгісіз ер адам егде жастағы әйелді темір құбырмен соққыға жыққан

16:52, 7 сәуір 2025

© Фото: pexels

Алматылық Анастасия Борисова отбасында болған жағдайға назар аударту үшін бейнеөтініш жазып, оны желіге жүктеді. Белгілі болғандай, Анастасияның анасын темір шоқпармен (дубинка) соққыға жыққан. Бойжеткен полицияға жүгінгенімен, әзірге құқық қорғау органдарынан қайыр болмай тұрған көрінеді.

Анастасия әділдік іздеп, шарқ ұруда.

2025 жылдың 5 сәуірінде анасына ер адам шабуыл жасаған:

"Ол оның ізіне түсіп, қайда тұратынын біліп алып, тар көшеде шабуыл жасады. Оны өлімнен, анамның жан айқайын естіген жігіттер құтқарып қалған. Қаскөй темір шоқпармен ұрған".

Жәбірленушінің қызының айтуынша, бір тәулік өтсе де куәгерлерден жауап алынбаған, мұнымен қоса сараптама да жүргізілмеген.

"Біз тіпті өз ісімізді кім жүргізетінін де білмейміз. Сұрағымызға кезекші бөлімдегі қызметкер тергеуші өзі қоңырау шалады деп жауап берді. Іс бойынша ештеңе жасалмады", – деп нақтылады Анастасия.

"Мен әділ жазаға қол жеткізгім келеді", – деп қорытындылады қыз өз үндеуінде.

Алматы қаласы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Түрксіб ауданының полиция басқармасы адам денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын нақтылады.

"Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, болған оқиғаның басқа мән-жайларын анықтау бойынша тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатқандығы айтылды.

Бұған дейін Үндістанда 8 жасар баланың досын "тістеп" өлтіргендігі жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!