Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек
© Сурет: Instagram/gov4c.kz
Бүгін, 2025 жылғы 8 сәуірде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру
Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәліктің мерзімі аяқталса, құжатты ауыстыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну керек екенін ескетті.
- жеке басты куәландыратын құжат;
- 073/е нысан бойынша медициналық анықтама;
- мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат.
"Жарамдылық мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін емтихан тапсырудың қажеті жоқ",- деп нақтылады ведомство.
Жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыру
Мемлекеттік корпорация Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі 10 жыл екенін еске салды.
Жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну керек:
- жеке басты куәландыратын құжат;
- мемлекеттік баж салығын төлегені туралы құжат(1,25АЕК).
"Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталмаса, оны екінші деңгейлі банктердің қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" арқылы да ауыстыруға болады",- делінген ақпаратта.
Жүргізуші куәлігін қосымша катрегория алу мақсатында ауыстыру қажеттілігі туындаған жағдайда мамандандырылған ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну керек:
- жеке куәлік;
- медициналық анықтама;
- автомектепті аяқтағаныңыз туралы куәлік;
- егер сізге C, D1, D, Tm, Tb санаттары қажет болса, жүргізуші ретінде жұмыс істегеніңізді растайтын құжат.
Бұл ретте, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүргізуші куәлігін мерзімі аяқталмай тұрып, ауыстырған жөн екенін, бұл уақытты үнемдеп, қажет құжаттар тізімін азайтатынын айтты.
Сонымен қатар, мерзімі өткен куәлікпен көлік жүргізуге тыйым салынғанын және айыппұл қарастырылғанын ескертті.
Бұған дейін Астанадағы жол учаскелерінің бірі күзге дейін жабылатындығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 28 сәуір 2025
«Қар аралас жаңбыр жауады». Синоптиктер қай өңірлерде күн күрт суытатынын айтты
-
22:16, 28 сәуір 2025
Жарықсыз қалған Мадрид билігі әскер көмегіне жүгінуде
-
22:03, 28 сәуір 2025
Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді
-
21:48, 28 сәуір 2025
Павлодарда миы шайқалып, ауруханаға түскен сәбидің шешесі ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
-
21:34, 28 сәуір 2025
Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады
Танымал жаңалықтар
-
11:11, 28 сәуір 2025
-
11:43, 28 сәуір 2025
-
12:57, 28 сәуір 2025
-
09:36, 28 сәуір 2025
-
15:55, 28 сәуір 2025
-
11:29, 28 сәуір 2025
-
09:28, 28 сәуір 2025
-
13:18, 28 сәуір 2025
-
10:12, 28 сәуір 2025
-
10:25, 28 сәуір 2025
-
12:25, 28 сәуір 2025
-
16:03, 28 сәуір 2025
-
09:03, 28 сәуір 2025
-
14:13, 28 сәуір 2025
-
09:58, 28 сәуір 2025