Қазақстандық 70-тен астам азаматты 32 млн теңгеге сан соқтырып кеткен
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақтөбе қаласы полиция басқармасы туристік агенттік басшысына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 37 жастағы туристік агенттік жетекшісі туристік сапарлар ұйымдастыру және жолдамалар сату сылтауымен азаматтардан ақша қаражатын қабылдаған. Алайда ол өзіне алған міндеттемелерін орындамай, салдарынан клиенттер ақысын төлеген туристік жолдамаларынан да, қаражаттарынан да айырылған.
"Қазіргі уақытта полицияға 70-тен астам азаматтан арыз түскен. Алдын ала есеп бойынша келтірілген материалдық шығын көлемі 32 млн теңгеден асады. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы мен жәбірленушілердің нақты саны анықталуда. Іс аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр",- делінген ақпаратта.
Полиция аталған туристік агенттіктің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Ақтөбе қаласы полиция басқармасының №1 полиция бөліміне (Ақтөбе қаласы, 11-ықшамаудан, 51 "А" мекенжайы) немесе тұрғылықты жері бойынша жақын орналасқан полиция бөлімшесіне жүгінуге шақырады.
Бұған дейін Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:13, 12 маусым 2026
Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектерге баға белгілеу жүйесінің тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр
-
14:57, 12 маусым 2026
Көмір химиясын дамыту Қазақстанға қанша табыс әкелуі мүмкін
-
14:39, 12 маусым 2026
Елордалықтар қазақ тілін тегін үйрене алады
-
14:25, 12 маусым 2026
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін
-
14:09, 12 маусым 2026
Перизат Қайраттың қымбат көліктері неге мемлекеттік органдарға тегін берілді





