Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «Байсат» базары Алматы әкімдігінің меншігіне берілуі мүмкін

14:25, 12 маусым 2026

© Сурет: sauda.e-qazyna.kz

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Нұрмахан Әділбеков 2026 жылғы 12 маусымда өткен брифингте Алматыдағы "Байсат" базарының алдағы тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер "Байсат" базарының бір жылға жуық уақыттан бері аукционда сатылмай жатқанын еске салып, оның себебі неде екенін және сатып алушы табылмаса қандай шара қолданылатынын сұрады.

Нұрмахан Әділбековтің айтуынша, базардың сатылмауына сұраныстың төмендігі немесе инвесторларда мұндай ірі нысанды сатып алуға жеткілікті қаржының болмауы себеп болуы мүмкін.

"Неліктен сатылмай жатқанын нақты айту қиын. Менің ойымша, оған сұраныстың аздығы немесе инвесторларда мұндай көлемдегі қаражаттың болмауы әсер етіп отыр. Егер нысан сатылмаса, оны Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесін қарастыруға болады", – деді комитет төрағасы.

Еске салсақ, 2026 жылғы 30 қаңтарда "Байсат" базарын сату бойынша үшінші аукцион тағайындалғаны хабарланған болатын. Сол кезде нысанның бағасы 4 млрд теңгеге төмендетілген. Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға қатысты жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аясында ол өз бастамасымен мемлекетке бақылауындағы "Байсат" базарының басым бөлігін қайтарған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!