Астанада есірткіні заңсыз өсірді деген күдікпен таролог ұсталды
© Сурет: polisia.kz
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тексеру барысында өзін таролог ретінде таныстырып, үйінде түрлі рухани тәжірибелер мен Таро карталары арқылы бал ашу сеанстарын өткізген 54 жастағы қала тұрғынының пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды.
Әйел құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты арнайы жабдықтап, оған жасанды жарық шамдарын және өзге де қажетті құралдарды орнатқан. Тінту барысында полиция қызметкерлері бірнеше түп марихуана бұтасын және оларды өсіруге пайдаланылған жабдықтарды анықтап, тәркіледі.
Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша әйел адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылған өсімдіктер мен жабдықтар тәркіленді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Полиция құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:46, 20 шілде 2026
Шенеунік Ақтауда белең алғанына бір айдан асқан автогаз тапшылығы қашан жойылатынын айтты
-
22:23, 20 шілде 2026
Маңғыстаудың жерасты мешіттері: Қарин ЮНЕСКО номинациясына қалай дайындалғанымызды айтып берді
-
21:56, 20 шілде 2026
Сейсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:33, 20 шілде 2026
Өскеменде жеңіл көлік жол апатына ұшырап, екі жасөпірім қаза тапты
-
20:30, 20 шілде 2026
Мемлекеттік академиялық би театрына Болат Аюхановтың есімі берілді





