Алматы әуежайында желдету құбыры құлап кетті: зардап шеккендер жоқ
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы халықаралық әуежайы ішкі терминалда жүргізілген құрылыс жұмыстары кезінде болған оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әуежай мәліметінше, инженерлік жүйелерді монтаждау барысында желдету элементі – икемді желдету гофрасы төбе деңгейінен төмен түсіріліп жатқан кезде жартылай ажырап қалған.
"Жұмыс жоспарына сәйкес, құбыр алдымен бекітіліп, кейін қажетті деңгейге дейін кезең-кезеңімен түсіріліп, қайта бекітілуге тиіс болған. Алайда түсіру кезінде түйісу орнында ажырау орын алып, соның салдарынан конструкция сақтандыру арқандарына ілініп қалды", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта желдету құбырының барлық элементі толықтай алынып тасталған.
Әуежай өкілдерінің айтуынша, жолаушылар мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылданды. Аталған жұмыстар әуежай инфрақұрылымын жаңғырту аясында ішкі терминалда жүргізіліп жатқан.
"Жағдай толық бақылауда. Барлық қажетті шаралар қабылданды. Әуежай қауіпсіздік талаптары мен қолданыстағы регламенттерді сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр", – делінген хабарламада.
Әуежай әкімшілігі жолаушылардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:04, 27 шілде 2026
27 шілдеде Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы
-
12:51, 27 шілде 2026
Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады
-
12:43, 27 шілде 2026
«UFC-ке оралмайды»: Шавкат Рахмоновтың дәрігері спортшының жағдайы туралы мәлімдеме жасады
-
12:30, 27 шілде 2026
Өңірлердегі агроөнеркәсіптік кешен жобаларына бөлінетін қаражат көлемі жаңартылды
-
12:19, 27 шілде 2026
Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау хат жолдады





